Жарнама
Жарнама

Плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықтық!

29.01.2022, 05:13
Кака шәкірттері Италия құрамасын сенімді түрде жеңді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Италияны жеңіп, өз тарихында үшінші рет футзалдан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. В тобындағы кездесу Гронинген қаласында өтіп, 4:1 есебімен Кака шәкірттерінің пайдасына аяқталды.

Ойынның 6-минутында Қазақстан есеп ашты – Біржан Оразов Дуглас Жуниордың пасын голға айналдырды. Үш минуттан кейін Азат Валиуллин Эдсонның пасын сәтті пайдаланып, командасының басымдығын нығайтты. Бірақ 13-минутта Дуглас Николоди есеп айырмасын қысқартты.

Үзілістен кейін италиялықтар біздің ойыншыларға қысым жасады, бірақ Каканың шәкірттері еш қаймықпады. Керісінше, Оразов 30-минутта дубль жасады, ал Дуглас Жуниор 38-минутта матчтың нүктесін қойды.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы жеті ұпай жинап, өз тобында бірінші орынға ие болды, екі ұпай жинаған Италия турнирден шығып қалды. Қазақстан ширек финалда А тобының екінші командасымен ойнайды.

Қазақстан – Италия 4:1 (2:1)

Голдар: Оразов 6 (1:0), Валиуллин 9 (2:0), Николоди 13 (2:1), Оразов 30 (3:1), Дуглас 38 (4:1)  

Сары қағаз: Эдсон 14, Тайнан 14, Кнауб 26 – Кайнан 11, Музумечи 14 

Қазақстан: Игита (к), Атантаев – Тайнан, Тұрсағұлов, Дуглас, Оразов, Карағұлов, Эдсон, Валиуллин, Кнауб, Тоқаев, Сағындыков   

Италия: Пьетранджело, Бертод – Николоди, Музумечи, Алекс Мерлим (к), Де Оливейра, Эспозито, Капонигро, Фортини, Кайнан, Арилло, Гайо, Стрингари 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров