"Манчестер Сити" Маурисио Почеттиноны жаңа бас бапкер ретінде қарастыруда, деп хабарлайды The Sun.
Дереккөздің хабарлауынша, Хосеп Гвардиоланың келісімшарт бойынша 10 ай уақыты бар. Алайда қазіргі уақытта Гвардиоланың клубта қалу туралы жоспары жоқ. Сонымен бірге, «Манчестер Сити» басшылығы Гвардиоланың Чемпиондар лигасының ширек финалынла «Лионға» (1:3) ұтылғанына қарамастан, бас жаттықтырушы лауазымында қалуын қалайды.
Бұған дейін "Барселона", "Ювентус" және "Ньюкасл" клубтарының Почеттиноға қызығушылығы туралы хабарланған болатын. Маурисионың соңғы командасы «Тоттенхэм» болды, ол өткен қарашада қызметінен кеткен болатын. Аргентиналық маманды «Тоттенхэм» бапкері ретінде Жозе Моуриньо алмастырған еді.
Біздің серіктес: FONBET