Жарнама
Жарнама

Почеттино «Реал Мадридте» көргісі келетін ойыншылардың есімдерін атады

07.12.2020, 02:00
Аргентиналық бапкер бұрын бірге жұмыс істеген ойыншыларын көндіріп көрмек.
Жарнама
Жарнама

"Реал Мадридті" жаттықтыруы мүмкін "Тоттенхэмнің" бұрынғы бас бапкері Маурисио Почеттино корольдік клубта көргісі келетін ойыншылардың есімдерін атады.

Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, аргентиналық маман испаниялық клубқа ауысқан жағдайда "Тоттенхэмнің" шабуылшысы Харри Кейнді, жартылай қорғаушысы Деле Аллиді және "Ювентус" шабуылшысы Пауло Дибаланы алуды жоспарлап отыр. Почеттино "Тоттенхэмде" бірге жұмыс істеген Кейн мен Аллиді жақсы біледі. Бірақ "Реал" үшін бұл үлкен мәселе болып тұр, өйткені пандемия жағдайындағы дағдарыс салдарынан клуб қиын кезеңдерді бастан өткеруде.

Бұған дейін Мадридтік клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің соңғы матчында Мёнхенгладбахтың "Боруссиясын" жеңе алмаса, Зинедин Зиданның бас бапкер қызметінен босатылатыны хабарланған болатын.

5 кездесуде 7 ұпай жинаған "Реал Мадрид" В тобының турнирлік кестесінде үшінші орынды иеленсе, Испания чемпионатында да 20 ұпаймен үшінші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров