Жарнама
Жарнама

Погба жүзік сыйламақ...

11.10.2018, 21:25
Жарнама
Жарнама
"Манчестер Юнайтед" пен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба Ресейде өткен Әлем чемпионатында жеңіске жеткен Франция ұлттық құрамасының ойыншыларына мундиальдағы жеңістің құрметіне жүзік сыйға тартпақшы. ESPN хабарлауы бойынша, жүзік бриллиант, көк сапфир һәм қызыл рубиннен жасалынатын болады. Бұйымның құны жарияланбады. Жүзіктер АҚШ-ның калифорниялық Jason of Beverly Hills зергелік үйінде жасалынады-мыс. Идея авторы ретінде Погба мен қатар "Атлетико Мадрид" пен Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Антуан Гризманн аталуда. Екі футболшы да баскетбол мен NBA  жанкүйерлері болғандықтан, америкалықтардың дәстүрін футболға да әкелгілері келгендей. NBA ойыншылары үлкен турнирлерде жеңіске жеткенде, бриллианттан жасалған жүзік сыйлау дәстүрге айналған. Франция футбол федерациясының президенті  Ноэль Ле Гре жүзіктердің  Лос-Анджелестен Парижге жеткізілуі үшін 10 000 евро көлемінде қаражат беруге дайын екенін айтты.

Марғұлан ЖАҚЫП

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров