Әзербайжандық “Сабах” командасы Еуропа Лигасының бірінші іріктеуінің қарымта кездесуінде словениялық “Целемен” 3:3 есебімен тең тарқасты.
Естеріңізге салсақ, бұл командалар арасындағы алғашқы матчтың нәтижесі словениялықтардың пайдасына 2:3 есебімен шешілген болатын.
«Целе» (Целе, Словения) – «Сабах» (Баку, Әзербайжан) – 3:3 (алғашқы ойын – 3:2)
Голдар: Франко Ковачевич 19 (пенальти), Дамьян Вуклишевич 49, Никита Иосифов 103 – Джой-Ланс Миккельс 9, 63, 64
Айта кетейік, “Сабах” клубында отандасымыз Стас Покатилов өнер көрсетеді. Ол әзербайжан ұжымында осы жылдың басынан бері 21 ойын өткізіп, қақпасына 27 гол жіберді.
Баку ұжымы келесі кезеңге өткен жағдайда, “Партизан” — АЕК (Кипр) арасындағы жеңімпазбен кездесетін еді. (Алғашқы матч — 0:1).
Біздің серіктес: FONBET