Жарнама
Жарнама

Покатиловтың командасы келесі кезеңде!

Әзербайжандық “Сабах” ұжымы Конференция Лигасының 2 іріктеуінде молдовалық “Петрокубтан” басым түсті (4:1).

Жарнама
Жарнама

Қос ойын қорытындысы бойынша Әзербайжан ұжымы “Петрокубты” 6:1 есебімен ойсыратты. 

Мазасырдағы Банк Республика стадионында өткен бүгінгі ойында алаң иелері 3 жауапсыз гол соқты. Матч барысында Джой Миккельс хэт-трик авторы атанды. Неміс ойыншысы өз командасының “Целеге” қарсы еурокубок кездесуінде де 3 голды өз атына жазған болатын. 

Отандасымыз Стас Покатилов әдетінше Баку ұжымының қақпасын 90 минут бойы қорғап шықты. 32 жастағы қазақстандық бүгінгі ойында өз командаласы Стив Советтен гол жіберді. 

Жалпы Покатилов осы мсусымда барлық турнирлерді қосқанда, “Сабах” сапында 14 ойынға қатысты. Қақпашы Әзербайжан Премьер-лигасы ұжымына қостанайлық “Тобылдан” ауысып келді. 

Айтпақшы, Конференция Лигасының “Сабах” - “Петрокуб” ойынын 5000 мың жанкүйер бақылапты. Бұл Мазасырдағы стадионның 50% толғанын білдіреді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: