Жарнама
Жарнама

Пол Эшуорт: «Бүгін мен команда бас бапкері болып келген уақыттан бергі ең нашар ойын болды»

02.10.2020, 16:32
«Астана» «Қайраттан» 5 ұпайға артта қалып келеді.
Жарнама
Жарнама

«Астана» Премьер-лиганың 12-тур аясында «Каспийге» 1:2 есебімен жол берді. 

Ойын соңында елордалық командадағы бас бапкердің міндетін атқарушы Пол Эшуорт кездесу туралы пікірімен бөлісті: 

- Бүгін мен команда бас бапкері болып келген уақыттан бергі ең нашар ойын болды деп ойлаймын. «Каспий» командасы жақсы ойын көрсетіп, лайықты жеңіске қол жеткізді! Бізде гол соғатын сәттер аз болды. Тек ойын соңында барлық күшпен алға ұмтылған сәтте мүмкіндіктер пайда бола бастады. Әрине, қазір барлығының көңіл-күйі түсіп кетті. Дегенмен, бізге «Қайратқа» қарсы ойын алдында осы жеңілістен лайықты қорытынды шығару өте маңызды. Бұл ойын чемпиондық тартыстағы ең маңызды сәт болуы мүмкін. Бізге берілуге болмайды, соңына дейін күресетін боламыз. 

- Жарақат алған ойыншылардың қайсысы «Қайратқа» қарсы кездесуге дейін қатарға қосылып үлгереді? 

- Әзірге білмеймін, олардың жағдайларына қараймыз. Бізде жарақат алған ойыншылар өте көп. Бірақ, ол бүгінгі жеңілісте ақталатын себеп емес. Біз бүгін өте нашар ойнадық.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров