Жарнама
Жарнама

Поль Погба «Манчестер Юнайтедтен» кетпейтін болды

16.07.2020, 18:27
Трансфері жыр болған Погба командада қалатын болды.
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Юнайтед" клубының жартылай қорғаушысы Поль Погба ағылшындық клубпен жаңа келісімшарт жасайтын болды. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлап отыр.

Дереккөздің ақпараты бойынша, 27 жастағы франциялық жартылай қорғаушы клубпен бес жылдық келісімшарт жасайды. Ол командадан кетемін деген райынан қайтып, "МЮ" сапында жүлде жеңуге ниетті екен. Айта кетейік, бұған дейін Погба Туриндік "Ювентуске" немесе Мадридік "Реалға" ауысқысы келген. Бірақ, ол команданың бас бапкері Уле-Гуннар Сульшермен жақсы тіл табысып, шешімін өзгеріп отыр.

Погбаның "Манчестер Юнайтед" клубымен 2021 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарты бар. Клуб бұл келісімді тағы бір жылға ұзартуға құқылы.

"Манчестер Юнайтед" бұл ойыншыны 2016 жылдың жазында "Ювентус" клубынан 105 миллион еуроға сатып алған. Биылғы маусымда ол жарақат алып, небәрі 15 кездесуге қатысып, бір гол және төрт нәтижелі пас берген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров