Ресейдің «Броук Бойз» медиа клубы Поль Погбаның агенттерімен хабарласып, футболшыны өзінің қатарына шақырды. Бұл туралы Ресейлік команданың спорттық директоры Артем Хачатурян мәлімдеген болатын.
«Біреуге бұл күлкілі көрінетін шығар. Бірақ біздің Поль Погбаны клубқа шақырғанымыз рас. Мина Райоланың агенттігіне сұраныс жібердік. Рафаэла Пимента ұсынысымызды қабылдаған жоқ. Погбаға деген ұсыныстар ауқымының тарыла түсетіні түсінікті. Ал деңгейі мен мәртебесі жөнінен біздің медиалига Поль Погбаның ойнауына рұқсат етілген турнирлерінің ішіндегі ең мықтысы саналады. Сондықтан, бұл мәселе бойынша әлі де келіссөздер жүргізетін боламыз» - деген А.Хачатурян Погбаны өз командасынан көргісі келетінін жеткізді.
Айта кетейік, Поль Погба допингке байланысты футболдан 4 жылға шеттетілген болатын. Көпшіліктің пікірінше «Ювентустің» футболшысының мансабына балта шабылды.
Біздің серіктес: FONBET