Жарнама
Жарнама

Поль Погба «Ювентусқа» ауысады

24.06.2022, 14:26
Кезінде футболшыны 105 миллион еуроға сатқан «Ювентус» тегін қайтарып алды.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Поль Погба «Ювентусқа» ауысады, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

Дереккөздің айтуынша, қос тарап келісім-шарт талаптары жайлы нақты мәмілеге келген. Ресми ақпарат шілде айының басында жарияланады. Ал Погбаның өзі Италияға екі аптадан кейін келеді.

Француз футболшысы медициналық тексерістен 5-8 шілде аралығында өтеді деп күтілуде. Айта кетейік, 29 жастағы Погба туриндік клуб сапында 2012-2016 жылдар аралығында өнер көрсеткен. «Ювентус» оны сол кезде «Манчестер Юнайтедке» 105 миллион еуроға сатып жіберген еді.

Еске салайық, Поль Погба «Манчестер Юнайтедпен» келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты кеткен болатын. Ол өткен маусымда 27 ойынға қатысып, 1 гол соқты, 9 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров