Жарнама
Жарнама

Польша - Хорватия матчына болжам

15.10.2024, 16:27

Польша А дивизионындағы орнын сақтап қалудың қарекетін жасауда.

Андрей Крамарич Хорватия құрамасының шабуылшысы
Жарнама
Жарнама

Әзірше, бұл миссия польшалық жанкүйерлерлердің көңілінен шықпай тұр. Үш турдан кейін Роберт Левандовский мен Ко тек үшінші орынды қанағат тұтуға мәжбүр. Десе де, Польшаның жорығы сәтті басталған – бірінші турда Шотландияны жеңіп, олжалы оралған соң қатарынан екі сәтсіздік болды: Хорватияға қайратын өткізе алған жоқ (1:0) және өз алаңында Португалидан 1:3-пен ұтылды. Қос команданың екінші турдағы бәсекесінде Хорватия басым түскен еді. Сегізінші қыркүйекте Лука Модрич салған жалғыз гол алаң иелеріне 3 ұпай сыйлаған. Енді бүгін Михал Пробеждің шәкірттері бір ай бұрынғы жеңілістің қарымтасын қайтаруға тырысып көрмек. Варшавадағы «Народовы» стадионында керемет атмосфераның орнайтыны анық. Польша бүгін өз алаңы мен жергілікті фанаттардың қолдауына арқа сүйеп, өнер көрсетеді.

Хорватия топтың айқын фавориті Португалияға ғана есе жіберді (2:1). Бірінші турдағы осы сәтсіздіктен кейін Златко Даличтің ұжымы жеңілу дегенді ұмытқандай әсер қалдырады. Өткен айда осы Польшаны ұтса, үш күн бұрынғы бәсекеде тегеурінді Шотландияны тізе бүктірді (2:1). Польша – Хорватия ойынының тартысты өтетініне ешқандай күмән болмасын. Қос команда да бүгін барын салады. Бұл ойынның градусын жанкүйерлер қиқуы қыздыра түсетіні де даусыз. Ал Польшалық фанаттардың қолдауы қандай болатыны өздеріңізге жақсы мәлім деп есептейміз. Қысқасы, өте қызықты кездесуге дайындала беріңіздер.

Сонымен, бұл ойынға қалай бәс тігуге болады? Ай бұрынғы жеңілістің есесін қайтару қамшылайтын алаң иелері шабуылға ден қояды. Хорватия да қарап қалмауы тиіс. Осыдан келе екі команданың голын таңдау тиімді болатын секілді. Бұған «Фонбет.кз» букмекерлік кеңсесі 1.80 коэфициент беріп тұр екен. Бұл, шабуылды жақсы көретін және шабуылдай алатын командалар үшін тәп-тәуір нұсқа.

Ал бұл аз десеңіздер мына бір нұсқаны ұсындық. Екінші орынға жақсылап тұрып жайғасқан Хорватияның тақиясына тең ойын тар келмейді. Бір жағынан Польша үшін де үшінші сатыны сақтап қалу жаман емес. Бұл логикаға сәйкес, бүгінгі кездесуіміздің жеңімпазсыз аяқталып қалуы әбден мүмкін. Бұл жорамалдың тәуекелі үлкен, әрине, бірақ ұтысы да соншалықты қомақты. Себебі, тең ойын дегенге біздің серіктес - 3.25 коэфициент беруде.            

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров