Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне басты үміткердің бірі Михал Пробеж жаңа қызметіне байланысты алғашқы сұқбатын берді.
Польшалық маман Қазақстан туралы ойын айтып, ұлттық команданы жаттықтырудан бас тартпайтынын меңзеді.
«Келіссөздер? Үміткерлердің бірі екенімді білемін бірақ дәл қазір бұдан артық алып-қосарым жоқ. Қазақстан құрамасының ойындарын тамашалағам, сондай-ақ, құраманың Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы кездесулерін де жібермей қараймын. Онда өте жақсы, сапалы футболшылар барын білемін. Ұлттық құрамалармен жұмыс істеу ерекшеліктерімен таныспын әрі клубтармен де істес болғам. Қазақстан құрамасында әлеует бар және одан мықты құрама жасақтауға болады. Алайда, көп сөзден көрі барлығын іспен дәлелдеуді жөн көремін», - деді М. Пробеж «Vesti.kz» порталына берген сұқбатында.
53 жастағы маман Польша Экстраклассасында бірнеше клубты тізгіндеп, жылдың үздік бапкері атанды. 2023-25 жылдар аралығында Польша құрмасын жаттықтырып, Еуро-2024-ке шығарған. Бірақ, биыл маусымда командадағы жанжалға байланысты өз қызметінен кеткен болатын.
Біздің серіктес: FONBET