ФИФА мундиаль финалында қазылық ететін төрешіні бекітті. Ол польшалық арбитр - Шимон Марциняк.
Шимон төрешілік салаға 21 жасында келген (қазір ол 41-жаста). Алғашында польшалық жұмысын әуесқой деңгейде өрбіткен деседі. 2006 жылдардан бастап Марциняк төрешілік саланың жетегін қуып, осы саланың жілігін шағып, майын ішуге қамданады. Арада 5 жыл өтті польшалық ФИФА мүшесі. Жұмысын сынсыз аяқтап жүрген төреші 2014 жылғы ӘЧ іріктеу кезеңдерінде бой көрсете бастады. 2015 жылы Шимонға жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалында қызмет етуге мүмкіндік берілді.
Еуро-2016 турнирінде польшалық қазы үш ойын өткізген болатын. Екі рет топтық кезеңде (Испания — Чехия (1:0)) және (Исландия — Аустрия (2:1)) және бір рет — плей-оффта (Германия — Словакия (3:0), 1/8 финал). Ресейде өткен мундиальда Шимон топтық кезең матчтарында төрелік етті: (Аргентина — Исландия (1:1)) және (Германия — Швеция (2:1)). Поляк "Реал" мен "Атлетико" қатысқан УЕФА Суперкубогінде бас арбитр ретінде танылды.
Еуро-2020 додасына Марциняк мүлде қатысқан жоқ. Катардағы ӘЧ поляк екі ойында қызмет етті. Топтық кезеңде: (Франция — Дания (2:1)), ал 1/8 финалда ол (Аргентина — Аустралия (2:1)). Бір қызығы, Шимон қатысқан болашақ финалистер ойыны екі құрама үшін жеңіспен аяқталған.
Польшалық Sportowe Fakty басылымы:
"ӘЧ финалында польшалықтың төрелік етуі үлкен жетістік. Біз финалдың қалай өтетінін білмейміз. Маңызды ойында оңайға соқпайтын шешімдерді қабылдауға тура келеді. Бірақ, ол маңызды емес. Төрешілер осы сәттен ләззат алуы керек. Бұған дейінгі қажырлы еңбек өз жемісін берді".
Ресейлік арбитр Игорь Федотов Марциняктың не үшін финалдық ойынға бекітілгенін айтып берді.
"Марциняктың финалдық ойында қызмет қылуы - саясат. ФИФА ақымақ емес. Онда барлығы есеппен. Маккелиге сенуге болатын еді. Бірақ, ол Нидерланд елінің тумасы. 1/4 финал естеріңізде болар. Тейлорда болмайды. Аргентина мен Англия қырғи-қабақ соғысқан. Бразилиялық Сампайо өзінің қызметін атқарып бітті. Негізі бұндай матчтарға еуропалықты таңдайды.
Марциняк үшін бұл үлкен мүмкіндік. Менің ойымша, ол ФИФА таңдауының жоқтығынан бекітіле салды. Лаос ұятқа қалды. Қалған тәжірибелі төрешілердің жағдайы анау. Осыны Шимон пайдаланды".
Біздің серіктес: FONBET