Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің 3-туры аясырда Швеция құрамасы Польшамен кездесті. Кездесу Санкт-Петербургтегі «Газпром Арена» стадионында өтіп, 3:2 есебімен Швеция жеңіске жетті.
Кездесудің 2-минутында есеп ашқан Швецияның жартылай қорғаушысы Эмиль Форсберг 59-минутта дубль жасады. 2 минуттан кейін Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски есеп айырмасын қысқартты. 84-минутта Левандовски екінші голды соғып, есепті теңестірді. Кездесу соңында жеңісті голды швециялық жартылай қорғаушы Виктор Клаэссон соқты. Эмиль Форсберг осы матчтың үздік ойыншысы атанды.
Осылайша, Швеция құрамасы 7 ұпай жинап, Е тобында бірінші орынмен плэй-офф кезеңіне өтті. Польша командасы (1) соңғы орынға ие болып, турнирден шығым кетті.
Біздің серіктес: FONBET