Пшемыслав Хлебицкий - журналист:
- Жаңа сағат белдеуіне бой үйрете алдың ба?
Кристиан Новак - футболшы:
- Басында бәрі маған қиынға соқты. Мен командамен Түркияда ОЖЖ өткіздім. Одан кейін Польшаға кеттім. Біршама уақыт өткен соң Қазақстанға келіп жеттім. Бұл жақта 5 сағат айырмашылық бар екен. Мен уақыт белдеуін бірнеше рет өзгертіп отырдым. Бұл жағдайға бой үйрету үшін маған біршама күндер керек болды. Алғашқы уақытта мен түнгі сағат 2-ге дейін ұйықтай алмай жүрдім. Бірақ қазір барлығы дұрыс.
- Мансабынды Қазақстанда жалғастыруға саған не түрткі болды?
- Ирландияда қалсам болатын еді. Алайда мен өзгерісті қаладым. Сондықтанда клубтағы келісімшартымды ұзартудан бас тарттым. Ұсыныстар бірінен соң бірі түсіп жатты. Бірақ бірде-біреуі менің көңілімнен шықпады. Соңында “Жеңіс” ұжымы менімен байланыс орнатқанда іздеген командамды тапқанымды түсіндім. Қазақстанда қазір футбол дамып келеді. Бұл жақта ойнап кеткен польшалық ойыншыларда мұны мойындауда. “Легия” мен “Висла” командаларында өнер көрсету арқылы танылған Карлитоста бекерден-бекер Қазақстанға келді деп ойлайсыздар ма? Жоқ! Олда бұл елдің футболының жаңа деңгейге көтерілгендігін мысалға ала отырып келді.
- Сен “Жеңістен” бөлек, басқа да командалардан ұсыныс түсті деп тілге тиек еттін. Әңгіме қай елдің командалары жайында. Өзіміздің польшалық клубтар сені қатарға қосқысы келді ме?
- Ия, Польша мен көршілес жатқан елдердің ұжымдары маған ұсыныс жасаған. Бірақ мен асығыс шешім қабылдағым келмеді. Соның нәтижесінде өзімнің қалауымдағы команданы таптым. Таңдауыма еш өкінбеймін.
- “Жеңіс” клубында қандай қиындықтармен кездестің?
- Елордалық ұжымда барлығы жоғары деңгейде. Жетіспеушіліктерді анықтай алған жоқпын. Оның үстіне “Жеңіс” Қазақстанның бас қаласында құрылған. Ал бұл дегеніміз команданың дамуына зор үлес болары өтірік емес. Айтпағым келмегі, “Жеңіс” тарихы тереңде жатқан жігерлі команда.
- Жалпы Қазақстанда тұрақталып үлгердің бе?
- Премьер-лиганың ойындары 31 наурызға дейін тоқтады. Сол аралықта мен өзім тұратын пәтер іздеуім керек. Қазақстан мен ойлағандай экзотикалық ел емес екен. Мен үшін бұл жақтағы басты мәселе тілге тіреліп отыр. Қазақстанда барлығы орыс тілінде сөйлеседі екен. Бірақ мен тек ағылшынша білемін. Басқасында Қазақстан мен Польша арасындағы айырмашылықты таба алмадым. Бұл елде де зәулім ғимараттар көп екен.
- Қазақстанда жүріп қандай жетістікке жеткің келеді?
- Мен командада жақсы маусым өткізіп, “Жеңістің” жоспарын орындауда барынша өз үлесімді қосқым келеді. Біз былайша айтқанда, жаңа командамыз. Ұжымға 12 легионер келіп қосылды. Құрамға енді қосылған футболшылар “Жеңістегі” атмосфераны сезіне алдық деп ойлаймын. Бұл жақта қалу керек екенін түсіндім. Мүмкіндік болып жатса келсімшартымды ұзартудан қашпайтын едім. Бірақ ол үшін команданың сенімін ақтауым керек.
- Ирландия елінің футболына қандай баға бересің?
- Ирландия елінің футболы маған ұнамады. Ол жақтағы барлық командаларының ойын стилі бір. Біріншіліктегі матчтар қызықсыз. Футболшылар бір-біріне пасты әуелетіп бере береді. Ал бұл болса, ойынның шырқын кетіреді. Алыстан тепкен доптың көбі қақпаға ене бергеннен кейін не айтуға болады.
- “Видзев” командасымен бірге польшаның жоғарғы лигасына жолдама алдың. Алайда команда сенің келісімшартын ұзартудан бас тартты. Бұған не себеп болды деп ойлайсың?
- Мен “Видзевте” қалғым келді. Команданың Экстракласада өнер көрсетуіне өз үлесімді қостым. Жаман ойнадым деп айта алмаймын. Алайда ұжым соған қарамастан, менің келісімшартымды ұзартпады. “Видзевтегі” командаластарыммен жаңа маусымға дайындалып жатқанымда бапкер менімен қоштасатынын айтты. Сол кезде өзімді біртүрлі жайсыз сезіндім. Мен үшін жақын клубтың маған істеген опасыздығына шыдай алмадым. Біраз уақыт өз-өзіме келе алмай дал болдым. “Видзев” командасының шабылдаған шешіміне өкпелімін.
- Жиі чемпионат ауыстырасың. Өз команданды әлі күнге дейін таба алмай келдің ба?
- Шотландия мен Грекия чемпионатынан мен уақытылы жалақы ала алмағандықтан кеттім. Қалған біріншіліктерде тұрақты ойын тәжірибесі болған жоқ. Менің чемпионаттан чемпионатқа секіріп жүруімнің басты себебі осы.
- Өмір сүру үшін саған қолайлы мемлекет?
- Грекияда өмірім жақсы болды. Алайда менде таңдау еркі болғанда өз отаныма мәңгілікке қоныстанар едім. Мен үшін Польша қашанда ыстық.
- Өз мансабына көңілін тола ма?
- Шыны керек, толықтай десем болады. Қате шешімдер қабылдаған сәттерім көп болды. Былай істеу керек еді деген ойлар мені әлі күнге дейін мазалайды. Онымен қоса, ауыр жарақаттар менің мансабымның көп бөлігінде өз кедергісін келтірді. Шотландия чемпионатына дейін ота жасатқан менің жылдамдығым бәсеңдеп қалды. Ойын мәнірімде біршама кер тартпа өзгерістер пайда болғанын байқай бастадым. Грекия чемпионатында тіптен 3 ай бойы алаңға шыға алмадым. Спорт, өмір болғандықтан ондай жағдайлар болып тұрады. Барлығы біз ойлағандай бола бермейді.