"Порту" клубының президенті Андре Виллаш-Боаш 3 шілдеде жол апатынан қаза тапқан Диогу Жотаны клубқа қайтару жоспары болғанын мәлімдеді.
“Біз Жотаның агенті Жорже Мендешпен бірге оны "Портуға" қайта әкелу бағытында жұмыс жүргізіп жатқан едік. Енді бұл жоспар орындалмайды. Әңгіме 2026/2027 маусымы жайында еді, біз осы мүмкіндікті талқылағанбыз. Бұл туралы мен Жотаның үйлену тойында агенті арқылы өзіне жеткізуді қажет деп санадым. Бұл "Порту" жанкүйерлері үшін үлкен арман болатын.” – деді Виллаш-Боаш Mirror басылымында.
Еске салсақ, Диогу Жота мен оның інісі, "Пенафиел” клубының ойыншысы Андре Силва Испанияның солтүстік-батысында жол апатына ұшырап, қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, Жотаның Lamborghini көлігі басқа көлікті басып озу кезінде дөңгелегі жарылып, жолдан шығып, өртеніп кеткен.
Диогу Жота 2016/2017 жылғы маусымда "Порту” сапында өнер көрсеткен еді.
Біздің серіктес: FONBET