Жарнама
Жарнама

Португалиялық футболшы Қазақстан футболы жайлы бар шындықты жайып салды

18.09.2025, 16:30

Лиссабондық “Спортинг” пен Алматылық “Қайрат” арасындағы матч алдында Португалиялық жартылай қорғаушы, “Жеңістің” бұрыңғы ойыншысы Жоао Оливейра екі ел футболындағы айырмашылықтары туралы өз пікірімен бөлісті.

Жарнама
Жарнама

“Португалияда футбол әлдеқайда техникалық және тактикалық тұрғыдан жүйелі. Қазақстанда ойын көбіне физикалық күшке сүйенеді. Әрине, мұнда да техникасы жоғары ойыншылар мен мықты бапкерлер бар, бірақ егер Португалияның ТОП клубтарын Қазақстанның алдыңғы қатарлы командаларымен салыстырсақ, ең үлкен айырмашылық дәл осы техника жағынан сезіледі.” – деді ол сұхбатында.

Оливейра сонымен қатар Қазақстан чемпионатына бейімделу қиын болмағанын айтты:

“Бұл маған қиындық тудырмады, себебі бұған дейін Польшада ойнадым, ол жақта да ойын қарқыны өте жоғары. Мұндай стиль маған жақын әрі менің ойнау мәнеріме сәйкес келеді.” – деп атап өтті футболшы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров