Алматылық “Қайраттың” 28 жастағы Португалиялық қорғаушысы Луиш Мата Қазақстан құрамасында ойнау мүмкіндігі жайында өз пікірін білдірді.
Футболшының айтуынша, мұндай нұсқаны болашақта жоққа шығаруға болмайды.
“Қазақстан құрамасы? Неге болмасқа. Бірақ әзірге бұл туралы айту ерте, мен мұнда бар болғаны жарты жыл ғана ойнап жүрмін. Кем дегенде үш жылдан кейін бұл тақырыпты талқылауға болады. Қазір мен “Қайратта” бақыттымын және Алматыда өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын.” – деді Мата (Offside.kz)
Португалиялық қорғаушы “Қайратқа” биыл ғана қосылған. Ол қысқа мерзімде команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, жанкүйерлердің сеніміне ие болып жүр.
Біздің серіктес: FONBET