Жарнама
Жарнама

Португалия құрамасы футзалдан Еуропа чемпионы атанды

07.02.2022, 14:32
Португалия соңғы төрт жылда үш трофей жеңіп алды.
Жарнама
Жарнама

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионы анықталды. Құрлықтық додада биыл Португалия жеңіс тұғырынан көрінді. Жорже Брас шәкірттері финалда Ресеймен шеберлік байқасты.

Ойынның бірінші кезеңінде ресейлік Антон Соколов пен Андрей Афанасьев мергендігімен көзге түссе, оған португалиялық Томаш Паку бір голмен жауап қайырды.

Ал екінші кезеңде Португалия сапында Андре Коэлью дубль жасаса, Пани Барела 39-минутта ойынның нүктесін қойды. Осылайша, Португалия Ресейден 4:2 есебімен басым түсіп, қатарынан екінші рет Еуропа чемпионы атанды.

Үшінші орын үшін болған матчта Испания құрамасы Украинаны 4:1 есебімен жеңіп, қола жүлдені қанжығасына байлады.

Португалия құрамасы 2018 жылы да Еуропа чемпионатында жеңіске жетіп, 2021 жылы әлем чемпионы атанған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров