Мадридтік “Реалдың” бұрыңғы шабуылшысы Предраг Миятович Бельгиялық қақпашы Тибо Куртуаның ойынына жоғары баға берді.
Чемпиондар лигасының “Ювентуске” қарсы матчы Куртуаның Мадридтік клуб сапындағы 300-ші ойыны болды.
Миятовичтің айтуынша, Куртуа бүгінде “Реал” тарихындағы ең үздік қақпашы ретінде бағалануға лайық. Ол Икер Касильястың да клуб үшін жасаған еңбегін жоғары бағалайтынын айтса да, Куртуа көрсетіп жүрген ойын деңгейі ерекше құрметке лайық екенін атап өтті.
2018 жылдан бері Куртуа Мадридтік клубтың негізгі қақпашысы саналады. Осы уақыт ішінде ол “Реалмен” бірге бірқатар атақты трофейлерге қол жеткізген.
Біздің серіктес: FONBET