Жарнама
Жарнама

Премьер-Лига: 14 тур. Ойын алдында

08.06.2011, 02:45
Жарнама
Жарнама
Ертең Ұлттық Премьер-Лиганың 14 тур ойындары өтеді.Өткен тур күтпеген нәтижелерге толы болды.Бұл кезеңнен де жанкүйерлер есінде ұзақ сақталатын тамаша футбол спектакльдерін күтеміз.Турнир кестесіне көз жүгіртсек ондай кездесулердің болуы ғажап емес.Көш басындағы «Локомотив Астанадан» «Ақтөбе» және «Шахтер» бір ғана ұпай қалып келеді.Төртінші орындағы «Жетісу» де қуғыншы екеуден небәрі бір ұпайға артта келеді.Осы жағдайларды ескерсек, ертең Қазақстанның алты қаласында ойналатын алты кездесудің барлығы болмаса да бірнешеуі  сөзсіз қызық өтеді. 14 тур ойындары, 08.06.2011 «Ақтөбе» - «Восток» 13 турда  Алматыда жергілікті «Қайраттан» оңбай ұтылған (3-0) ақтөбелік алаң иелері ашуын Өскемендік клубтан алуға тырысады.Оның үстіне «Локомотив Астанадан» бір ұпайға қалып келеді.26 мамырда сырт алаңда «Шахтерге» жол берген (2-1) «Восток» та қарап қалмасы анық. «Жетісу» - «Шахтер» 14 турдағы қызықты ойындардың бірі болуы мүмкін кездесу.Үшінші және төртінші орында келе жатқан  қос команданың арасын бір ғана ұпай бөліп тұр.Қай жеңгені үшінші орыннан табылады. «Локомотив Астана» - «Атырау» Павлодарда жергілікті «Ертістен» 0-5 есебімен ұтылған астаналықтар өз жанкүйерлерінің кешірімін алу үшін қалай да ірі есеппен жеңіске жетуді көздейді.Турнир кестесінің дәл ортасынан орын алған «Атыраудың» да мақсаты - ұпай жоғалтпау. «Ордабасы» - «Қайсар» Премьер Лигадағы белгілі бір дәрежедегі оңтүстіктік дерби.Атыраудан бір ұпай алып қайтқан Шымкенттік клуб турнир кестесінің соңындағы Қызылордалықтардан да үш ұпай алсақ дейді.Ал «Қайсарға» бар қайратын қолға жиып, турнирдегі жағдайын түзеуге ұмтылудан басқа амал жоқ. «Тараз»  - «Қайрат» 14 турдағы жұмбақ ойындардың бірі.Ұтылудан көз ашпай келе жатқан алматылықтар соңғы ойындарда «Шахтер» мен «Ақтөбені» жерге қаратып, айды аспанға бірақ шығарды.Өткен турда «Қайсарға» жол берген тараздық клуб өз жанкүйерлерінің алдында барларын салып бағады.Олай болса ,Таразда бір қызықтың болатыны анық. «Тобыл» - «Ертіс» 14 турдың сөзсіз орталық кездесуі.26 мамырда өз алаңында «Локомотив Астананы» 5-0 есебімен тас-талқан қылған керекулік команда «Тобылды» да тобықтан шалуға тырысады.Қазақстанның алдыңғы қатарлы клубтарымен қалай ойнауды «Ертіс» жақсы біледі,және оны дәлелдеп келеді.Ал турнир кестесінің ортасына ойысқан қостайнайлықтар жағдайларын түземеске болмайды.Ол үшін алдымен ертең павлодарлық команданы жеңулері керек.Сонда ғана адал жанкүйерлерінің алдында шайқалған абыройларын сәл де болса жиып алады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров