Премьер-Лига 24 шілдеде басталады деп күтілуде

18.07.2020, 13:26
Клубтар Алматы қаласындағы қонақүйлерге тапсырыс беріп жатыр екен.

Қазақстандық футбол клубтары 24 шілдеде ҚПЛ-ды қайта бастауға дайындалып жатыр.

Олар қазірдің өзінде Алматы қаласындағы қонақ үйлерге тапсырыс беріп жатыр, сонымен қатар алдағы күндерге оңтүстік астанаға футболшылар мен жаттықтырушылар үшін әуе билеттерін сатып алуды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, премьер-лиганың 4-11-ші турлары Алматыда өтеді. Матчтар «Орталық» стадионда, Т.Сегізбаев атындағы академияда, «Жас Қыран» стадионында және Талғардағы ұлттық құрамалардың базасында өтуі мүмкін.