Жарнама
Жарнама

Премьер-лига командалары көрермендерінің орташа саны кешегі кездесулерден кейін артты

Кешегі ойын күнінде қазақ жанкүйерлері екі білдей матчтың куәсі болды.

Жарнама
Жарнама

Алматының Орталығында өткен “Қайрат" – "Ақтөбе" ойынын 22 800 адам стадионнан бақылапты. Жалпы бұл статистика маусым басында болған ел-классико матчынан кейінгі тіркелген екінші көрсеткіш. 

Ал елордада болған “Астана” - “Елімай” кездесуін 15 200 фанат тамашалапты. 

Жалпы ішкі чемпионатта ең көп жанкүйер жинайтын топ-5 ұжымның атауы қазірде белгілі:

Үздіктер көшін Қобыландыдағы әр ойын футбол тойына айналдыратын “Ақтөбе” командасы бастап тұр. Батыс жақ командасының өз алаңындағы әр кездесуін орташа есеппен алғанда 10 291 адам көреді екен.

Қалған тізім төмендегідей:

2.”Астана” - 9 146 адам

3.”Қайрат” - 8 191

4.”Елімай” - 6 553

5.”Ордабасы” - 5 540.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров