Премьер-лига матчында алғаш рет VR технологиясы пайдаланылмақ

13.12.2020, 17:55
Бұл технология жанкүйерлерге матчты стадионнан тамашалағандай әсер қалдырады.

Ағылшын Премьер-лигасының матчы тарихта алғаш рет VR технологияларын (виртуалды шынайылық) пайдалана отырып көрсетіледі, деп хабарлайды Sky Sports. 

Жанкүйерлер "Кристал Пэлас" - "Тоттенхэм" матчын аталған форматта көре алады. Трансляция ұлыбританиялық Sky Sports брендінің Sky Worlds платформасында ұсынылады. Компанияның айтуынша, көрермен футбол матчын стадионда көріп отырғандай әсер алады.

Матчты көру үшін Sky қызметіндегі VIP-жазылудың иесі болу керек және Oculus Quest VR көзілдірігін пайдалану қажет.

"Кристал Пэлас" пен "Тоттенхэм" арасындағы матч бүгін, 13 желтоқсанда өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 20:15-те басталады.