11 мамырда өткен Қазақстан Премьер-лигасының 12 турындағы статистикалық мәліметтер:
Жалпы 12-турға барлығы 113 футболшы қатысыпты.
40 легионер мен 73 қазақстандық футболшылар жасыл алаңға шығыпты.
«Тараз» клубы сапынан 6 легионер алаңға шықты. Яғни бұл команда осы турда легионерлерді алаңға көп шығарған команда болып табылады.
18 ойыншы «лимит» жүйесі бойынша 12-турға қатысты.
6 матчта жеңіс тіркеліп,қалған 1 матч тең аяқталған.
Барлығы 7 матчта 15 гол соғылыпты. 8 гол алғашқы таймда қақпадан табылған.
12 турдағы ең алғашқы гол авторы – Александр Гейнрих («Ақтөбе»).
7 голды қазақстандық ойыншылар соққан. Бұл барлық 95 % голдардың құрайды.
Осы турдағы «ең тәртіпсіз» матч болып «Тобыл»-«Атырау». Бұл ойында 9 сары қағаз көрсетілген.
«Ақжайық»-«Тараз» матчы «ең тәртіпті» ойындар қатарына кіреді. Себебі бұл ойында тек 2 ойыншы сары қағаз иесі атанған.
Жалпы,12 тур бойынша «ең тәртіпсіз» ойыншылар мыналар: М.Мұхтаров (Ордабасы),Руслан Мельзиддинов (Жетісу),Максим Самченко (Атырау). Бұл ойынышылар 12 ойында 6 сары қағаз алған.
«Ордабасы» клубы сапынан алаңға Қазақстан азаматтығы бар 9 футболшы шыққан.
«Ертіс» клубы –жалпы 7 тур бойынша «тәртіпсіз» командалар арасында көш бастап тұр. Павлодарлық клуб ойыншыларға 10 турда 28 сары қағаз бен 2 қызыл қағаз көрсетілген.
15 гол авторлары ішіндегі ең жасы-23 жастағы Эдуард Вишняковс («Шахтер»)
Ал гол авторлары ішінде ең егдісі 31 жастағы Евгений Аверченко («Жетісу»)
10-турға қатысқан 103 футболшының ішіндегі ең жасы- 17 жастағы Әлішер Сүлей («Тобыл»).
ДАЙЫНДАҒАН: НҰРЛЫБЕК ЖАНҰЗАҚОВ
alaman.kz
Біздің серіктес: FONBET