Жарнама
Жарнама

Премьер-Лигада ойнаған беларус мансабын аяқтауға әлі асығар емес

Игорь Стасевич өз отанындағы белді клубтың қатарына қосылды.

Жарнама
Жарнама

40 жастағы “Атырау” мен “Тұранның” экс-ойыншысы Борисов ұжымының жаттығуларына кірісіп кетті. Беларусияның 10-дүркін чемпионы кәсіби мансабын дәл осв БАТЭ-де бастаған. Одан кейін, ол “Волга”, “Гомель”, “Динамо” Минск, “Шахтер” Солигорск, “Чайка” және соңғы жылдары “Атырау” мен “Тұран” жейдерінде өнер көрсетті.

Жалпы біздің чемпионатта Стасевич барлығы 68 матч өткізіп, 8 гол мен 11 голдық пас берді. 2024 жылы қаптал вингері “Атырау” сапында жүріп беларусь ойыншылары арасында клубтық деңгейде 700 матч өткізген тарихтағы үшінші футболшы атанды. 

Трансфермаркт Беларусия чемпионатының 4 мәрте үздік ойыншысы атанған Игорьды 50 мың еуроға бағалайды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: