Жарнама
Жарнама

Премьер-лигадағы ең қымбат ойыншылардың тізімі жарияланды

11.06.2022, 02:28
Жаңартылған тізімде айтарлықтай өзгерістер орын алды.
Жарнама
Жарнама

Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін ойыншылардың трансферлік бағасын жаңартты, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.

«Тобылдың» шабуылшысы Игорь Сергеев ҚПЛ-дағы ең қымбат ойыншы ретінде тіркелді. Оның трансферлік құны өзгеріссіз қалды (1,7 миллион еуро).

«Қайраттың» капитаны Яцек Гуральски 200 мың еуроға арзандады, қазір оның нарықтағы құны 1,6 миллион еуроға бағаланып отыр.

Үшінші және төртінші орындарды «Қайраттың» гвинеялық шабуылшысы Хосе Канте мен «Астананың» вингері Мохаммед Камара бөлісті. Екі ойыншының бағасы 1,4 миллион еуроны құрайды. Айта кетейік, алматылық клубтың шабуылшысы небәрі 100 мыңға, ал елордалық клубтың либериялық легионері 1 миллион еуроға арзандады.

Ал үздік бестікті «Астананың» жартылай қорғаушысы Макс Эбонг түйіндеді. Неміс порталы оны 1,2 миллион еуроға бағалады, бұл Эбонг үшін мансабындағы рекордтық баға.

Премьер-лигадағы ең қымбат 10 ойыншының тізімі мынадай:

1. Игорь Сергеев («Тобыл») – 1,7 миллион еуро;

2. Яцек Гуральски («Қайрат») – 1,6 миллион еуро;

3-4. Хосе Канте («Қайрат») – 1,4 миллион еуро;

3-4. Мохаммед Камара («Астана») – 1,4 млн еуро;

5. Макс Эбонг («Астана») – 1,2 миллион еуро;

6-8. Камо Оганесян («Астана») – 1 миллион еуро;

6-8. Айбол Әбікен («Ақсу») – 1 миллион еуро;

6-8. Алекса Аманович («Тобыл») – 1 миллион еуро;

9. Сергей Малый («Тобыл») – 900 мың еуро;

10. Маки Баньяк («Қайрат») – 800 мың еуро.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров