Жарнама
Жарнама

Премьер-лигадағы ең қымбат қазақстандық ойыншылардың тізімі жарияланды

11.06.2022, 03:41
Допингпен ұсталған Айбол ең қымбат ойыншы ретінде тіркелді.
Жарнама
Жарнама

Transfermarkt порталы Премьер-лигадағы қазақстандық ойыншылардың трансферлік бағасын жаңартты, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Дәл қазіргі сәтте «Ақсу» командасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Премьер-лигадағы ең қымбат қазақстандық ойыншы ретінде тіркелді. Ойыншының трансферлік құны 1 миллион еуроға бағаланады.

Екінші орында Қазақстан құрамасының негізгі қорғаушысы Сергей Малый тұр (900 мың еуро). Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген де үздік үштікке енді. Оның нарықтағы бағасы (750 мың еуро) өткен жылдың маусым айынан бері өзгеріссіз қалды.

Премьер-лигадағы ең қымбат қазақстандық ойыншылардың тізімі:

1. Айбол Әбікен («Ақсу») – 1 миллион еуро;

2. Сергей Малый («Тобыл») – 900 мың еуро;

3. Асхат Тағыберген («Тобыл») – 750 мың еуро;

4-7. Артур Шушеначев («Қайрат») – 700 мың еуро;

4-7. Абзал Бейсебеков («Астана») – 700 мың еуро;

4-7. Бағдат Қайыров («Тобыл») – 700 мың еуро;

4-7. Мұхаммеджан Сейсен («Тараз») – 700 мың еуро;

8. Стас Покатилов («Ақтөбе») – 650 мың еуро;

9-10. Абат Айымбетов («Астана») – 600 мың еуро;

9-10. Темірлан Ерланов («Ақтөбе») – 600 мың еуро;

9-10. Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу») – 600 мың еуро;

9-10. Исламбек Қуат («Астана») – 600 мың еуро;

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров