Жарнама
Жарнама

Премьер-лигадан үмітті ұжым

Осы маусымда Бірінші лига ойындарын жыртып келе жатқан “Жетісайдың” феномені неде?

Жарнама
Жарнама

2023 жылы Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімдігі жергілікті жастардың басын қосып тұтастай бір футбол командасын жасақтайды. Сол сәтке дейін  допты әуесқой деңгейде ермек қылған азаматтар логотипі, өзіндік бренді бар клуб жейдесін киіп, алаңға мақсаты мен мұраты ұштасқан ұжымдай біріншіліктерге дайындықты бастайды. “Жетісай” деген атпен қалыптасқан команданы футболшы мансабының көп бөлігін оңтүстік өңірге арнаған Ерлан Шойтымов баптауға келісімін береді. Аудан әкімдігінің әрмен қарай қолдауымен керекті құжаттар жиналып, ұжым Екінші Лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Бір қызығы “Жетісай” тарихындағы алғашқы ресми ойын Қазақстан Кубогыне жоспарланды. Ерлан Шойтымов шәкірттері тәжірибесі толысқан “Тұранмен” бақ сынасты. Нәтижесінде 4:0 есебімен жеңілді. Сәуір айында Екінші Лига ойындары бастау алған сәтте “Жетісай” “Мақтааралға” қонаққа барады. Аталған командалар арасындағы кездесудің қызығы соңғы сәтте қыза бастады. 83 минутта “мақташылар” аяқдопшысы Мұсаев мергендігімен көзге түсіп, таблодағы есепті ашады. Алайда “Мақтааралдың” қуанышы көпке ұзамады… 1 минут өте қонақ команда Зуфтаровтың көмегімен есепті теңестіреді. Матч соңындағы қосымша уақытта қысымға төтеп бере алмаған Атакенттік ұжымның Жанғалиев атты ойыншысы өз қақпасын нысанаға алып, қорытынды есепті 1:2-ге өзгертті. Осындай жеңісті көңіл-күйде “Жетісай” Екінші Лига аясында 18 ойынның 12 қарсыластарынан басым түсіп, турнирде оқ бойы оза шабады. Былайша айтқанда - чемпион! Команданың жүйелі ойынының арқасында маусым барысында Ернар Қоспаев, Никита Стрижков Қазақстанның жастар құрамасына шақырту алды. Бұл да кішкентай қалашық командасының орасан зор жетістігі. Клубты қолдаусыз қалдырмаған жергілікті жанкүйерлердің де белсенділігін ерекше атап өткен жөн. Екінші Лиганың бір матчына 1400 адам жинайтын “Жетісай” турнирдің рекордын орнатуға жақын қалған кездері көп болған. Айтпақшы, Түркістан облысының ұжымы Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы стадионда өнер көрсетеді. Бір ғана трибинасы бар спорттық нысан 2000 мыңнан астам адамды сыйдыра алады. Қазірде бұл стадионды қалыпқа келтіру жұмыстары сәтті аяқталды. Қаптал сызықтары сырланып, қақпа торы бекітілді. Соның арқасында команда Екінші лигада чемпион болған соң, Бірінші лигада еркін еш кедергісіз өнер көрсетуге жол ашты. Жоғарылаған сайын қарсыластар қарымды болады дегенді басты назарға алған “Жетісай” маусым барысында ағайынды Сағи мен Мади Мәлікайдарларды, Қалибай Бақытты және Асатулла Асылжанды қатарына қосты. Осы ойыншылармен күшейген команда Бірінші лигадада жақсы өнер көрсетіп келеді. Жекелеген аяқдопшыларының өзі рекорд орнатып “Жетісайдың” атын мүшәйраға мәлім етуде. Соның бірі жоғарыда атап кеткен Ернар Қоспаев деңгейі жөнінен Қазақстандағы екінші санаттағы үздік лигада барлығы 585 минут алаңда өнер көрсеткен деседі. Әр ойында клубтың маңызды мүшесі болған 17 жастағы жас талант біріншілікте ең ұзақ уақыт ойнау көрсеткіші бойынша “Оқжетпестің” ардагері Дмитрий Мирошниченкодан басым түскен. Осындайдан кейін “Жетісай” Бірінші лиганың 16-турынан кейін 31 ұпаймен турнирлік кестеде екінші келеді. Көш басында Көкшетаулық “Оқжетпес” тұр. Қос команда арасын 5 ұпай ғана бөлуде. Жекелей ойыншылар текетіресінде тұлпарлар ұжымын басып озған “Жетісай” жігіттері алда әлі турдың тең жартысы тұрғанда неліктен қарсыласын қапы қалдырып чемпион атанып кетпеске?! Мәселен түркістандық команда “Оқжетпеске” қарсы ойында жеңіске жеткен, айласын асырған. Бапкер Шойтымов айтпақшы, жұмыла жұдырық болып, тек алға жылжу “Жетісайдың” жетістігінің кепілі. Сол себептен команда қалған ойындарда бірлесе отырып әрекет етуі қажет. Сонда ғана барлығы мүмкін болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: