Жарнама
Жарнама

Премьер-лиганың 11-туры несімен есте қалды?

30 мен 31 мамыр аралығында өткен ішкі чемпионаттың 11-турында біз 7 матчтың куәсі болдық.

Жарнама
Жарнама

Жоғарыда тілге тиек еткен жеті кездесуде төрешілер 7 қызыл қағаз көрсетіпті. Бұл нәтиже 20-турға дейінгі матчтар арасында рекорд деп тіркеліп отыр. Ол кездесулерде футболшылар көп дегенде 3 сары қағазбен жазаланып тұрған. 

Тур аясында Ұлар Жақсыбаев (Ордабасы), Сағи Совет (Жеңіс), Гиорги Гадрани (Атырау), Валерий Громыко (Қайрат), Идрис Умаев (Ақтөбе), Глеб Валгушев (Қызылжар), Аслан Дарабаев (Оқжетпес).

Мәселен, аталған футболшылардан Гиорги Гадрани осы турдан кейін “Самгурали” клубына кетіп қалды. Ал жасы егде тартқан Аслан Дарабаев болса, қазірде “Тұран” сапында өнер көрсетуде. 

“Астана” ойыншылары Рамазан Каримов пен Усман Камара Елімайға гол соғу арқылы чемпионаттағы 3 голдарын өз аттарына жазды.

Ахмед Эль-Мессауди болса, “Атырауға” қарсы кездесуден кейін, қатарынан 4 голдық пас берген ойыншы атанды. Жалпы марокколық ішкі чемпионатта өткізген 16 матчта 6 нәтижелі пас шығарды. 

“Қызылжарға” пенальтиден гол соққан Дәурен Жұматтың голсыз сериясы 11-турдан кейін, 4 матчқа дейін созылды. Футболшы Тоьылға қарсы 16-тур матчынан бастап, қайта гол соға бастады. Қазірде Тараз тумасы Премьер-лиганың үздік сұрмергені (10 гол)

“Қайсар” - “Жетісу” кездесуінде қасқылардың ең жас ойыншысы Темірлан Мұзғалиев ойынның соңғы минуттарында Қызылордалықтарға 1 ұпай сыйлады. 19 жастағы қорғаушы шешуші сәтте керек кезден табылып, Денис Кавлинов қақпасынан саңылау тапты. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров