Ішкі чемпионатымыздың 18-тур кездесулерінен кейін бақандай 3 қақпашымыз үздік ойыны үшін мадақталыпты. Бұндай көрсеткіш осы маусымда алғаш рет тіркеліп отыр.
Қақпашылардың біздің чемпионатта үздіктер қатарынан табылуы сирек жағдай. Маңызды голдарды салып, бар назарды өздеріне аударатын шабуылшылар қақпа қорғандарын көлеңкеде қалдырып жүргенін көріп жүрміз. Алайда Премьер-лиганың 18-тур қайта қақпашылардың феериясына толы болды. Дәстүрге сәйкес, Қазақстан Футбол Лигасы әр матч сайын бір немесе одан да көп футболшыны дараланғаны үшін арнайы статуэткамен ынталандырып отырады. Сол енді сөзімізге арқау болып отырған 18-тур ойынында табысталған 5 мадақтаманың 3 қақпашылардың еншісіне кетіпті. Қызық! Бұндай оқиға осы маусымда алғаш рет тіркеліп отыр. Сөйтсе, қақпа қорғандарының бір сәтке болсын ел назарын өздеріне аударатындай жағдай орын алғанда екен. Ішкі чемпионаттың сол турдағы жоспарланған 5 кездесуінің барлығы дерлік сүрөңсіз өтті деуге келеді. Минималды есеппен жеңіс, тең ойындар жанкүйерлердің деребесін қоздыра алмады. Алайда соған қарамастан алаңға жүгіріп жүретін ойыншыларда сый-құрметтен шет қалмады. Мәселен, Жан Али-Пайруз бен Андрей Ульшин өз командасының маңызды ұпайларын еншілеуіне мүмкіндік туғызды. Жоғарыда табысталды деп санын тізбектеп берген 5 статуэтканың 2 алаңдағы (полевой) аяқдопшылардың қоржынында кетті. Сол кештегі кездесулердің басты қаһармандары болған Игорь Шацкий, Арсен Сиукаев және Егор Хаткевич матчта допты тосқан қолдарымен жүлдені ұстап естелікке суретке түсті. Аталған үш қақпашы 18-турда жасындай жарқырады. Әсіресе Арсен Сиукаев ішкі чемпионаттың топ-5 кіретін “Қайсарға” қарсы матчта қасқырлардың қаншама шабуылын аяқсыз қалдырды. Өткен күндерге оралып, турлардың нәтижесін қарай отырып, осындай қызық болғанына көзім шалды.
Біздің серіктес: FONBET