Жарнама
Жарнама

Премьер-лиганың 2020 жылғы үздік шабуылшысы анықталды

30.12.2020, 00:42
Вагнер Лав 7 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымды қорытындылауды жалғастыруда. Футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері, сонымен қатар команда капитандарының дауыс беру нәтижелері бойынша Премьер-лиганың үздік ойыншылары анықталды.

«OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік шабуылшысы» номинациясында алматылық «Қайраттың» легионері Вагнер Лав топ жарды. Ол 80 ұпай жинады.

Үздіктер тізімі келесідей:

1. Вагнер Лав («Қайрат») – 80 ұпай;

2. Абат Айымбетов («Қайрат») – 66 ұпай;

3. Элгуджа Лобжанидзе («Қайсар») – 33 ұпай;

4. Сергей Зенев («Шахтер») – 11 ұпай;

5. Педро Эуженио («Жетісу») – 8 ұпай. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров