Жарнама
Жарнама

Премьер-лиганың 7-тур ойындары кейінге шегерілді

09.09.2022, 22:35
Матчтардың қай уақытта өтетіні белгісіз.
Жарнама
Жарнама

Ағылшын Премьер-лигасының баспасөз қызметі ел чемпионатындағы 7-тур ойындарының кейінге шегерілгенін хабарлады. Шешім Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің қайтыс болуына байланысты қабылданды.

«Мәртебелі патшайым Елизавета II-ге құрмет белгісі ретінде Премьер-Лиганың келесі турының матчтары кейінге шегеріледі», - делінген хабарламада.

Елизавета II таққа 1952 жылы 6 ақпанда әкесі король Георгий VI қайтыс болғаннан кейін отырды. Осылайша ол елді жетпіс жылдан астам уақыт басқарды.

Елизавета II кеше 97 жасында қайтыс болды. Еуропа лигасындағы «Манчестер Юнайтед» - «Реал Сосьедад» ойыны бір минут үнсіздікпен басталды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров