Ішкі чемпионаттының 6-туры аясында өткен 6 кездесуге барлығы 23 600 фанат келді.
Ойындарды орташа есеппен есептегенде 3 933 жанкүйер тамашалаған.
Турдың ең көп фанат жиналған ойыны ретінде “Елімай” - “Ордабасы” танылды (1:1). Семей жерінде өткен аталмыш кездесуге 8 000 адам келген.
Турдың ең аз жанкүйер жиналған матчы Шымкентте өтті. Онда “Тұран” мен “Астана” бақ сынасты (0:2). Бұл ойынға жалпы 300 жанкүйер келді деген мәлімет бар.
Чемпионат басталысымен 138 877 фанат өз командасын қолдау үшін стадиондарға келген.
Біздің серіктес: FONBET