Жарнама
Жарнама

Премьер-лиганың кейінге шегерілген кездесуі аяқталды

“Қайсар” командасы ішкі чемпионаттың 15-турында “Астанаға” қарсы тұра алмады (0:1). 

Жарнама
Жарнама

Эстрада жұлдызы Илхан Ихсановтың әндерімен бастауын алған кездесу тағдырын жалғыз гол шешіп кетті. 8 минутта соғылған Камараның нәтижесінен кейін таблодағы есеп сол күйі өзгермеді. Қос команданың шабуылда сылбыр ойнағанын айта кету керек. 90 минут қорытындысы бойынша қос ұжым бас-басына 3 соққыдан артық жасай алмады. Нәтижесіне тек 1 голмен шектелді. 

“Астана” мен “Қайсар” турнирлік кестеде көршілес командалар. Бірі 27 ұпаймен 5 орында тұрса, енді бірі 25 ұпаймен 6 орынға орнығып алды. Бабаян шәкірттерінің қосымша өткізуі керек 3 қосымша ойыны бар. Сол себептен елорда ұжымы чемпиондыққа таластан шығып қалған жоқ. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: