Жарнама
Жарнама

Премьер-лиганың қараша айындағы үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

07.12.2020, 03:06
«Шахтер» футболшысы 6 ойында 6 гол соқты.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) қараша айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысын анықтады.

Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді. Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.

Қараша айының үздігі болып қарағандылық «Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы Арсен Хубулов танылды. Ол 19 ұпай жинады. Өткен айда Хубулов 6 ойынға қатысып, 6 гол соқты және 2 ассист жасады. 


Ал сауалнама нәтижесі бойынша қараша айының үздік бас бапкері атағын «Тобыл» командасының жаттықтырушысы Григорий Бабаян және «Шахтер» командасының бапкері Константин Горовенко жеңіп алды. Қос маман да 4 ұпайдан жинады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров