Түркістандық «Тұран» мен қарағандылық «Шахтер» қаржылық қиыншылықтарға тап болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Аталған қос клубта жалақы кешіктірілуде. Футболшылар мен жаттықтырушылар штабы екі айға жуық уақыт бойы жалақы алмаған.
«Шахтер» көп ойыншылармен келісім-шартты бұзғандықтан қиындықтарға тап болды. Жақын арада екі клубтың басшылары ойыншылар, жаттықтырушылар және қызметкерлер алдындағы барлық қарызды қайтарады.
ҚПЛ-дың 20 турынан кейін «Шахтер» турнирлік кестеде 11-орында тұрса, «Тұран» 12-ші орынға жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET