Премьер-лиганың үшінші тур кездесулеріне қанша көрермен келді?

Премьер-лиганың үшінші туры аясында жоспарланған 6 матчына 22 775 жанкүйер келді, деп жазады Аладоп.кз.

Матчтарға орташа есеппен алғанда 3 796 көрермен келген.

Турдың жанкүйерге толы кездесуіне “Ордабасы” мен “Қайрат” арасындағы өзара текетіресті алсақ болады. Оңтүстік өңірде өткен ойында барлығы 8 700 фанат болған (1:2).

“Шахтер” мен “Тұран” арасындағы ойын жанкүйерлерге қарық болмады. Аталмыш матчқа небәрі 1 000 адам келген (0:2). 

1. «Ордабасы» – «Қайрат» (1:2) – 8 700 зрителей;

2. «Атырау» – «Жетісу» (0:1) – 5 500;

3-4. «Қызылжар» – «Тобыл» (0:0) – 3 000;

3-4. «Ақтөбе» – «Жеңіс» (3:0) – 3 000;

5. «Астана» – «Елімай» (0:1) – 1 575;

6. «Шахтёр» – «Тұран» (0:2) – 1 000.

Еске салсақ, Премьер-лиганың бірінші турында барлығы 22 441 жанкүйер өз командасына қолдау білдірді.

 

Материалда: