Жарнама
Жарнама

Премьер-лиганың желтоқсан айындағы үздік бапкері анықталды

15.01.2021, 23:19
Смит шәкірттері өткен айдағы бес матчта да жеңілмеді.
Жарнама
Жарнама

"Астон Вилла" командасының жаттықтырушысы Дин Смит Англия Премьер-лигасында желтоқсан айының ең үздік бапкері атанды.

"Астон Вилла" командасы өткен жылдың желтоқсан айында өткізген бес матчта да жеңілістің дәмін татқан жоқ. Смит шәкірттері "Вулверхэмптон", "Вест Бромвич Альбион" мен "Кристалл Пэласқа" қарсы матчтың әрқайсысында үш ұпайды қанжығасына байлады.

Олар сондай-ақ төрт матчта қақпасына гол жібермеді. "Бернли" (0:0) және "Челси" (1:1) командасымен болған матчта тең ойнады.

Дин Смит дауыс беру барысында Карло Анчелотти, Шон Дайч және Оле Гуннар Сульшерді артқа тастады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров