“Каспий” командасы жаңа маусымға дайындықты Ақтауда емес Астанада өткізуді құп көріпті.
Команда Қазақстан футбол Федерациясына қарасты Футбол үйі манежінде маусым алдындағы дайындығын жасап жатыр. 5 қаңтарда басталған жиынды ақтаулықтар 16 қаңтарда аяқтайды. Сол аралықта “Каспий” өз тәрбиеленушілерін негізгі командаға іріктеп алады. Жаңа маусымдағы Ақтау клубы бюджеті 2 млдр теңгені құрайды.
Айтпақшы, “Ордабасымен” бірге ОЖЖ бастайды деген қорғаушы Диержон Арипов “Каспимен” бірге жүр. Ол жайлы бұның алдында таралған ақпараттар шындыққа жанаспайтын болып шықты.
Еске салсақ, бұған дейін “Каспий” білдей үш ойыншысын “Тараз” сапына жіберді. Атап айтсақ, қорғаушы Берік Айтбаев, жартылай қорғаушы Бауыржан Байтана және вингер Жақып Қожамберді. Бұл футболшылар өз туған командасын Премьерге алып шығу үшін Таразға қайтып оралды.
Біздің серіктес: FONBET