Жарнама
Жарнама

Президент Қазақстан құрамасын бүгінгі жеңісімен құттықтады

23.09.2022, 05:24
Қазақстан құрамасы бүгін тарихтың беттерін жазды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан футбол құрамасын бүгінгі жеңісімен құттықтады.

«Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!» - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын жеңіп, UEFA Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алды.

Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген. Оның екеуі тең нәтижемен аяқталса, қалғанында беларусьтер жеңіске жеткен еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров