Жарнама
Жарнама

Президент Тоқаев: “Қазақстанда футболды дамытудың жолы – жекешелендіру және коммерцияландыру”

08.09.2025, 14:15

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында спорт саласына, әсіресе бұқаралық және кәсіби спорттың дамуына ерекше тоқталды.

Жарнама
Жарнама

Мемлекет басшысы спортты көпшілікке қолжетімді ету мемлекеттің стратегиялық бағыты екенін айтты.

– Аймақтарда жаңа спорт нысандары бой көтеруде.

– Балаларға арналған үйірмелер қолжетімді бола бастады.

– Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және егде жастағы адамдарға арналған спорт клубтары ашылып жатыр.

Президенттің айтуынша, бұл қадамдар халық денсаулығын нығайтуға, жас ұрпақты спортқа баулуға зор мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби спорт саласында да оң өзгерістер жүріп жатқанын атап өтті.

Бұған дейін шетелден шақырылған спортшыларға бюджеттен қаржы бөлуді шектеу туралы тапсырма берілген. Мәжіліс депутаттары бұл бастаманы қолдап, арнайы заң қабылдады. Бұл шешім – Қазақстандық спортшыларды қолдауға арналған маңызды қадам.

Президент еліміздегі футболды дамытуға ерекше тоқталды.

Қазірдің өзінде Қазақстанның төрт футбол клубына белгілі кәсіпкерлер иелік етіп отыр. Мемлекет басшысы оларға ризашылығын білдіріп, футбол клубтарын жекешелендіру процесін жеделдету қажеттігін айтты. Сонымен қатар футболды коммерциялық бизнес-индустрия ретінде дамытуға шақырды.

"Қазіргі заманда кәсіби спортты қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырған жөн. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз." – деді Тоқаев.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров