«Ақтөбенің» тринадалық қорғаушысы Роберт Примус жаттығу жасап, қалпына келтіру жұмыстарын істеуде.
Бейресми дереккөздің мәлімдеуінше, осы маусымның тіркеуіне қосылғанымен ойыншы мансабын қайда жалғастыратынын әлі білмейді.
Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылдың қыркүйегінде Примус жарақат алып, АҚШ-та ота жасатқан болатын. былтыр Германияда тағы да екі ота жасатты. Примус алаңға, шамамен, осы жылдың шілде-тамыз айларында оралуы мүмкін.