Жарнама
Жарнама

Проэнса финалға төрешілік етеді

16.05.2012, 21:54
Жарнама
Жарнама
19 мамыр – чемпиондар лигасының финалы өтетін күн. Бұл күнді асыға күтіп жүрген жанкүйер қауым қаншама десеңізші. Финалдағы ағылшындық «Челси» мен неміс бундеслигасының азулы командасының бірі «Бавария» арасындағы ойын тартысты болары сөзсіз де. Ендеше бұл финалға қазылық жасау онша-мұнша қазының маңдайына жазыла қоймас. Сонымен финалға кім қазылық етеді деген сұраққа жауап берер болсақ, бұл аламандағы шешуші матчқа португалдық қазы Педру Проэнса төрешілік етеді. Осыған дейін Проэнса чемпиондар лигасында 5 матчқа қазылық жасаған екен. Бұл төреші өзінің қазылық  ғұмырын 1998 жылы Португалия ішкі чемпионатында қазылық жасаудан бастаған. 2003 жылы Интертото кубогы мен УЕФА кубогы жолындағы ойындарға төрешілік еткен. Биылғы Еуропа чемпионатының төрешілер құрамында да бұл арбитрдың есімі бар. 19 мамыр да жақындап келеді. Төреші де анықталды. Қос команда да сақадай-сай дайындықта. Ендеше финалды күтейік.

Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров