Француз чемпионатының көшбасшысы «ПСЖ» жаттықтырушысын міндеттен босатты. Бұл жайлы Agence France-Presse мәлімдеді. Бас бапкер өзінің жұмыстан шыққаны жайлы «ПСЖ-ның» спорттық директоры Леонардодан естіпті. Антуан Комбуаремен қоса командадан ассистенттері де кетпек. ПСЖ-ның ресми сайтында бапкерлердің командадан кетуі жайлы ләм-мим делінбейді. Леонардоның Карло Анчелоттимен ара қатынасы соңғы кезде БАҚ-та жиі айтылып келді. Сондай-ақ, Франк Райкард пен француз Клод Макелеле «ПСЖ-ның» жаңа бапкері болуға үміткер деген қауесет бар.
Ескі бапкер ойынды байырғы мәнерде жүргізуі катарлық басшылықтың көңілінен шықпапты-мыс. Сондай-ақ, Антуан Комбуареның болашақта Дэвид Бекхэм секілді ірі жұлдыздармен тіл тауып тығыз жұмыс істей алуы басшылықтың күмәнін тудырыпты.
58-жасар Комбуаре «ПСЖ» тізгінін 2009 жылдың мамыр айынан бастап ұстап келді. 2010 жылы Франция кубогын ұтты. 2010/11 маусымында аталмыш турнирдің финалына жетті.
Ең қызығы, «ПСЖ» бүгін «Сент-Этьенді» 1:0 есебімен ұтып, турнирлік кестеде алғашқы орынға шыққан. Париждік клуб 19 ойынды артта қалдырып 40 ұпай еншіледі. Басты қарсыласы «Монпельеде» 37 ұпай.
Олжас НҰРАЗХАН
Біздің серіктес: FONBET