Жақында ғаламтор беттерінде «Пари-Сен-Жирмен» командасы каталондық «Барселонаның» көшбасшысы Лионель Мессидісатып алуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Бұл туралы клуб президенті өз ойын білдірді.
Француздық клубтың президенті
Нассер Аль-Хелайфи L’Equipe газетіне берген сұхбатында:
-
Месси – керемет футболшы. Оның біздің клубқа ауысып келуі туралы баспасөз беттерінен оқыдым. Дәлірек айтсам, сіздердің басылымдарыңыздан. Егер ақшаларыңыз болса, Мессимен келісімшартқа отырыңыздар да, Парижге шақырыңыздар. Мен қарсы емеспін. Аргентиналық футболшы өзге клубқа ауысса, ауыса жатар. Алайда, біз Мессимен ешқашан келісімшарт жасамаймыз. Менің осы құрамға көңілім толады. Әлемнің үздік футболшылары онсыз да «ПСЖ» сапында бар, - деді.
Естеріңізге сала кетсек,
«ПСЖ» қазіргі таңда Франция ішкі біріншілігінде бірінші орында келеді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
массагет.кз