Футболдан Франция чемпианаты аяқталуға жақын. Биылғы маусымды сәтті бастаған “ПСЖ” мен “Монпелье” бәсекелестігі тек соңғы турда шешілуі ғажап емес.
Сырт алаңда “Валенсьенді” 3:4 есебімен тізерлеткен “ПСЖ” турнир кестесінде алғашқы орынға шыққан болатын. Алайда 36-кезеңде 2:0 есебімен “Реннді” жеңген “Монпелье” 76 ұпаймен көш бастады. Кездесудің 26-минутында қорғаныстағы қателікті ұтымды пайдаланған Сулейман Камара көзге түскен. Үзілістен кейін де бірнеше өткір шабуыл ұйымдастырған “Монпелье” футболшылары 52-минутта дегендеріне жетті. Қақпа бағанасына соғылған доп голкиперден кейін серпіліп, қақпа төрінде тулады.
Елдос Сапарғали