Париждік команда “Бавария” мен “Реалды” шаң қаптырып кетті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасында 13 матчта жеңіске жеткен. Кеше команда лондондық “Тоттенхэмнен” 5:3 есебімен айласын асырды.
IFFHS дерегі бойынша, француздық ұжым 2001 жылғы “Бавария”, 2014 жылы “Реал” орнатқан 12 матчқа созылған жеңісті сериясына нүкте қойды.
Одан тағысы, “ПСЖ” Чемпиондар Лигасында ағылшын командасына 5 гол соққан алғашқы француздық клуб болып тіркелді.
Қазірде көк-қызылдар биылғы маусымдағы турнирде 12 ұпай жинап, турнир кестесінде 2 орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET