“Пари-Сен Жермен” командасы қақпашы Джиджи Доннарумманың келісімшартын кем дегенде 2029 жылға дейін ұзартпақ ниетте.
Италия ұлттық құрамасы ойыншысының париждік клубтағы мерзімі әлі аяқталмаған келісімі 2026 жылдың жазына дейін жарамды екенін айта кетейік.
Доннарумма “ПСЖ” 2021 жылдың шілдесінде “Милан” клубынан еркін агент статусында ауысып келген болатын.
Осы маусымда қақпашы француздық команда сапында 41 ойын өткізіп, соның 16 матчында қақпасын құрғақ ұстады. Трансфермаркет ойыншының нарықтағы бағасын 40 млн еуроға бағалайды.
“ПСЖ” ұжымымен бірге Джиджи Францияның үш дүркін чемпионы атанды.
Біздің серіктес: FONBET