ПСЖ «РБ Лейпцигпен» қорғаушы Норди Мукиеленің трансферіне қатысты ортақ мәмілеге келді, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.
Дереккөздің айтуынша, париждік клуб 24 жастағы французбен жеке келісім-шарт мәселесін шешіп қойған. Футболшыға Жюль Кундеден айырылып қалған лондондық «Челси» де қызығушылық танытқан болатын. Бірақ Мукиеле қабылдап қойған шешімін өзгерте алмады.
Өткен маусымда Норди «Лейпциг» сапында 37 ойынға қатысып, 2 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET